Central AsianResearch Index
Keruen2023

І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭМАСЫНЫҢ ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІГІНДЕГІ «ҚҰЛАГЕР» ИППОНИМІ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мақала Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының ономастикалық кеңістігіндегі Құлагер иппонимінің лексика-семантикалық мағынасын және оның орыс және ағылшын аудармаларында берілу ерекшеліктерін анықтауға арналған. «Құлагер» поэмасында қазақ халқына тән діл, мәдени салт-дәстүр, тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып және т.б. көрініс тапқан. «Құлагер» поэмасы бірегей ұлттық болмыстың тұтас көрінісін жеткізетін антропонимдер, зоонимдер, этнонимдер, топонимдер және басқа да оним түрлеріне аса бай. Онимдер – автордың әлемнің бейнесін қалыптастыруда қолданатын маңызды тілдік құралдары екені белгілі. Поэманың тақырыбы – Құлагер иппонимінде көркем шығарманың мазмұнын қабылдауға айтарлықтай септігін тигізетін этнолингвистикалық ақпарат сақталған. Мақалада Құлагер атауы Ілияс ақынның оқырманға поэмада жолдаған алғашқы ақпараты ретінде қарастырылып, оның қазақ этносының тілдің санасындағы прецедентті ерекшелігі мен рөлі айқындалады. Сондай-ақ Құлагер онимінің тарихи дереккөздерге негізделген аталымдық (номинативті) қызметі талқыланады. Берілген иппонимнің ассоциативті өрісіндегі аллегория, антономазия тәсілдері арқылы қалыптасқан басқа да ұғымдары көрсетіледі. Құлагер атауының этимологиясы этникалық маркер болып табылатын ұлттық колоративті лексика тұрғысынан біршама қарастырылады. Түс атаулары тілдік және экстралингвистикалық мазмұнды біріктіретін лингвомәдени бірліктер ретінде түсіндіріледі. Алғаш рет Құлагер иппониміне жеке нысан ретінде көңіл бөлініп, оның көркемдік, стилистикалық, прагматикалық және мән-мағыналық ерекшеліктерін жеткізудегі аудармашылардың шеберліктері, аудару әдістері мен тәсілдері, шешімдері түпнұсқамен тікелей салыстыру арқылы зерделенеді.

Сведения

Журнал
Keruen
Опубликовано
2023 · Т. 78, № 1
Язык
Казахский
ISSN
2078-8134 · 2790-7066
Издатель
Institute of Literature and Art named for M. Auezov