КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АУДАРМАСЫ: ДУЛАТ ИСАБЕКОВТЫҢ «ГАУҺАРТАС» ШЫҒАРМАСЫ НЕГІЗІНДЕ
Мақалада белгілі жазушы Д. Исабековтың «Гауһартас» шығармасындағы паралингвистикалық элементтердің орыс және ағылшын тілдеріндегі көркем аудармаларында берілу ерекшеліктері қарастырылады. Паралингвистикалық элементтердің көркем шығармада көрініс табуы және олардың аудармада берілуі – отандық аударматану ғылымындағы тың әрі ерекше қызығушылық тудыратын мәселе. Бейвербалды мағыналарды жеткізу – аудармашы үшін әрдайым күрделі міндет. Ал Д. Исабеков туындыларындағы паралингвистикалық элементтер қазақ халқының болмысын, мінезін, қарым-қатынас мәдениетін бейнелейді. Оларды басқа тілде дұрыс жеткізу – түпнұсқаның стилі мен мазмұнын, ұлттық сарынын сақтау үшін аса маңызды. Сондықтан зерттеудің негізгі мақсаты – зерттеу нысанындағы паралингвистикалық элементтерді анықтап, түпнұсқамен орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын құрылымдық-семантикалық тұрғыдан салыстырып, олардың аударма мәтіндерінде толыққанды жеткізілу деңгейі мен орын алған аударма трансформацияларын талдау. Жалпы зерттеу құрылымдық-мағыналық, контекстуалдық және аударматанымдық талдау әдістері, сондай-ақ сөздік анықтамаларды талдау әдісі арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жазушының «Гауһартас» шығармасындағы ремарка, ишара, үнсіздік, қозғалыс пен интонациялық бейнелердің орыс және ағылшын тілдерінде берілу ерекшеліктері анықталып, аудармашылық шешімдердің түпнұсқа мазмұнын жеткізудегі әлеуеті талқыланды. Сонымен қатар жүргізілген талдау негізінде паралингвистикалық элементтердің сәтті аударылу мүмкіндігін арттыратын критерийлер ұсынылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 3, 2026, С. 650-664
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University