DEVELOPMENT OF THE SOCIAL SPHERE OF AKTOBE REGION IN MODERN ECONOMIC CONDITIONS
Мақалада әлеуметтік саясат және мемлекеттің әлеуметтік саясаты қарастырылады. Бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясат елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланысты және екі жақты қызмет атқарады. Бір жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық дамудың мақсаттарын тікелей және жанама түрде бейнелейді, өйткені экономикалық қызмет барлық қоғам мүшелерінің өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Екінші жағынан, әлеуметтік саясат экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады. Егер экономикалық даму халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етпесе, онда еңбек өнімділігі мен жұмыс күшінің сапасы төмендеп, қоғамдағы әлеуметтік тұрақсыздық пен қақтығыстар күшейеді. Әр елде әлеуметтік саясат әртүрлі қалыптасады. Әлеуметтік саясат қоғамның әрбір мүшесіне заңмен белгіленген және бекітілген өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін табыс алуына кепілдік береді. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет қоғамның әрбір мүшесінің өз әлеуетін жүзеге асырып, табыс табуына жағдай жасауға міндетті. Әлеуметтік саясат пен әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік даму тетігінде ерекше орын алады. Экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық пен кедейлік орын алған өтпелі кезеңде мемлекеттің халықты жаппай қаржылай қолдау мүмкіндігі төмендейді.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 85, № 3
- Язык
- Английский
- ISSN
- 2312-475X
- Издатель
- K. Zhubanov Aktobe Regional University