Central AsianResearch Index

ОПТИМИЗАЦИЯ ВЫПУСКА ПРОДУКТОВ ПЛАВКИ НА ПЕЧАХ ФЕРРОХРОМА НА ОСНОВЕ CFD-МОДЕЛИРОВАНИЯ И ПРОМЫШЛЕННОЙ АПРОБАЦИИ СИСТЕМЫ РАЗДЕЛЬНОГО ВЫПУСКА ШЛАКА И МЕТАЛЛА

СЕРІКБАЕВ И.Б., СЕРИКБАЕВ И.Б., SERIKBAYEV I.B.

Мақалада жоғары көміртекті феррохром өндіруге арналған пештерде балқыту өнімдерін шығаруды оңтайландыруға бағытталған кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу шлак пен металды бөлек шығару жүйесін өндірістік апробациялау және есептік гидродинамика әдістерін қолдану негізінде жүргізілді. Жұмыстың өзектілігі шлакпен бірге металлдың едәуір жоғалуы және шығару процесінің тұрақсыздығы салдарынан ферросплав өндірісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуімен байланысты. Зерттеу үшдеңгейлі әдістемені қолдану арқылы орындалды, оның құрамына HSC Chemistry бағдарламалық кешенінде термодинамикалық модельдеу, ANSYS Fluent ортасында екіфазалы жүйенің гидродинамикасын CFD-модельдеу, сондай-ақ ұсынылған техникалық шешімдердің технико-экономикалық тиімділігін бағалау кірді. Сандық есептеулер нәтижесінде шығару кезінде шлак пен металл фазаларын тұрақты бөлуге мүмкіндік беретін шығару тесіктерінің оңтайлы геометриялық параметрлері мен өзара орналасуы анықталды. Әзірленген бөлек шығару жүйесі Ақтөбе ферросплав зауытының қолданыстағы агрегатында енгізіліп, өндірістік жағдайда сынақтан өткізілді. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар нәтижесінде шлакпен бірге металл жоғалуы екі еседен астам төмендеп, 4%-дан төмен деңгейге жетті, сондай-ақ кен шикізатынан хромды алу 2,89%-ға артты. Қосымша түрде технологиялық режимнің тұрақтылығының жақсаруы және өнімнің химиялық құрамының ауытқуларының төмендеуі анықталды.Алынған нәтижелер жоғары экономикалық тиімділікті (IRR шамамен 97%, өтелу мерзімі 1,5 жылдан аз) және ұсынылған технологияны басқа ферросплав кәсіпорындарында кеңінен қолдану мүмкіндігін көрсетеді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 83, № 1
Язык
Русский
ISSN
2312-475X
Издатель
K. Zhubanov Aktobe Regional University