Central AsianResearch Index

ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ АДАМНЫҢ МӘНІ: ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПАЙЫМ

АМАНИЯЗОВА Б.А., УТЕШЕВА Г.Т., АМАНИЯЗОВА Б.А., УТЕШЕВА Г.Т., AMANIYAZOVA B.А., UTESHEVA G.Т.

Цифрлық дәуір — тек технологиялық прогрестің ғана емес, сонымен қатар адам болмысы мен мәнінің трансформациясын айқындайтын жаңа өркениеттік саты. Бұл мақалада адамның мәні мен онтологиялық табиғаты бүгінгі цифрлық шындық жағдайында философиялық тұрғыда қарастырылады. Автор ХХ–ХХІ ғасырлардағы Батыс ойшылдарының (Ж.-П. Сартр, Х. Арендт, Д. Харэвэй, Л. Флориди) және заманауи зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, адамның виртуалды кеңістіктегі өмір сүру формаларын, цифрлық ұқсастықты, ақпаратпен өзара әрекет этикасын және постгуманистік дискурс шеңберінде адамның дәстүрлі мәнінің қайта қаралуын талдайды. Мақалада адамның сандық жүйеде өмір сүруінің философиялық салдарлары мен болашақтағы гуманистік құндылықтардың тағдыры мәселелері де көтерілген. Автор адамның рухани және моральдық өлшемдерін цифрлық болмыспен сабақтастыра отырып, жаңа антропологиялық көзқарас ұсынады. Бұл мақала цифрлық философия, этика және қазіргі заман антропологиясы салаларындағы зерттеулерге үлес қосады. Онтологиялық тұрғыда цифрлық болмыс енді шынайылықтан бөлінбейтін, оның бір бөлшегіне айналған феномен ретінде қарастырылады. Бұл үрдіс адамның әлеммен қарым-қатынас тәсілін, уақыт пен кеңістік ұғымдарын, тіпті рухани мен болмыстың мәнін де өзгертеді. Зерттеу нәтижесінде цифрлық дәуір адамның болмысын тек техникалық ортаға бейімделген субъект ретінде ғана емес, сонымен қатар өзінің «адамдық» табиғатын қайта қарастырушы феномен ретінде қалыптастыратыны анықталды.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 80, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2312-475X
Издатель
K. Zhubanov Aktobe Regional University