Central Asian Research Index

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Хабаршысы, 2024, т. 77, № 3

THE ROLE OF FAMILY VALUES IN GLOBALIZATION (Based on a survey conducted among students of Kazakhstan and students from China and Mongolia at L.N. Gumilyov Eurasian National University)

Сауле Тажибаева, Әлия Мүтәлі, Айгүл Қадысқызы, Айгерим Амренова, Сауле Тажибаева, Алия Мутали, Айгуль Кадыскызы, Айгерим Амренова, Saule Tazhibayeva, Aliya Mutali, Aigul Kadyskyzy, Aigerim Amrenova

Аннотация · Abstract

Мақалада отбасының негізгі құндылықтары жан-жақты талданды. Қазақ халқының рухани байлығының бірі – отбасы құндылықтары. Отбасылық құндылықтар қоғамның негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мәдениет пен адамгершілік қасиетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Құндылықтар отбасы ішіндегі қарым-қатынас пен отбасы мүшелерінің өзара байланысын реттейтін принциптер, сенімдер мен нормалар жиынтығы болып табылады. Бала тәрбиесінде отбасылық құндылықтардың орны ерекше. Әр бала негізгі құндылықтарды отбасынан алады және отбасында бойына сіңірген барлық құндылықтарды ересек өмірінде ұстанады. Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясын кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Жаһандану процесі өсіп келе жатқан жасөспірімдерге кері әсерін тигізіп, өз ұлттық болмысынан алыстатып, ұлтқа жат құндылықтарды бойына сіңіруіне әкеледі. Сондықтан ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру әрбір отбасының мақсаты болуы тиіс. Мақалада авторлар жаһандану жағдайында Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің арасында сауалнама жүргізіп оны талдау арқылы отбасы құндылықтарының рөлін анықтады. Сонымен қатар Қазақстандағы студенттер мен Қытай және Моңғолиядан келген қандас студенттердің отбасы құндылықтары талқыланып, басты құндылықтар анықталды.

Сведения · Details