Central AsianResearch Index

КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЬЕКТІЛЕРІНДЕГІ КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТТЕР: СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Ж.Ж. ДАВЛЕТБАЕВА, Н.С. ҚАЛАУОВ, Ж.Ж. ДАВЛЕТБАЕВА, Н.Н. КАЛАУОВ, Zh. Zh. DAVLETBAYEVA, N.N. KALAUOV

Комплаенс институты халықаралық деңгейде дәлелденген, жемқорлық тәуекелдерімен күресті тиімді құрал болып табылады. Мақалада квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайласжемқорлыққа қарсы компаленс-қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы маңызыайқындалған. Қазақстан тәжірибесіндегі комплаенс-қызметтің өзекті мәселелері сараланған. Соңғы төрт жылға жуық уақыттағы комплаенс-қызметті ұйымдастырудағы сақталып отырған проблемалар сарапшылар арқылы зерделенген. Әсіресе, тікелей бағыныстылығы бар ұйымдардағы комплаенс қызметтің тәуелсіз қызметіне мән берілген. Қазіргі қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ерженің баршаұйымға біріңғай талаппен жасалуы, жұмыс тиімділігінее әсер ететіні атап өтілген. Ағымдағы жағдайды айқындау мақсатында квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі комплаенс-қызмет мамандарынан жасырын түрде онлайн-сауалнама алынған. Сауалнама нәтижелері комплаенс қызметтің ұйым басшысына тәуелділігі, кадр әлеуетінің төмендігі мен бизнес-процестерді ұйымдастырудың төмендігін көрсеткен. Ресей менҚазақстандағы комплаенс-қызметтің артықшылықтары, әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен тәуекелдері талданған. Зерттеушілер тарапынан комплаенс-қызметтің тиімділігін арттырудағы аутсорсинг тәсілінің тиімділігі көрсетілген. Квазимемлекеттік сектор субьектілеріндегі сыбайлас жемқорыққа қарсы комплаенсқызмет туралы үлгілік ережеге комплаенс-қызметтің функциялары мен процестерінің бір бөлігін аутсорсингке беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған. Комплаенс-қызметтің тәуесіздігін арттырудағы ұсынылып отырған шешімнің жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекедерінің алдын ау мен азайтуда оң нәтиже беретіні жөнінде тұжырым жасалған.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 76, № 2
Язык
Казахский
ISSN
2312-475X
Издатель
K. Zhubanov Aktobe Regional University