Scientific and practical journal Dentistry Kazakhstan, 2025, № 2, с. 37-44
ДИСТАЛЬДІ ТІСТЕМДІ ЕМДЕУДЕ ТВИН-БЛОК АППАРАТЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАЛПЫНА ӘСЕР ЕТУ ЕРЕКШЕЛІГІ
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті
Аннотация · Abstract
Кіріспе: Энгельдің II класс тістем ауытқуы – ортодонтиялық тәжірибеде жиі кездесетін патология. Соңғы жылдары жақтар мен дене қалпының өзара байланысы, сондай-ақ емдеу әсерінің тыныс алу және омыртқа параметрлеріне әсері зерттелуде. Әдістер: 10–15 жас аралығындағы 23 науқас зерттелді. Барлық науқастар 10–14 ай бойы Твин-блок аппаратымен емделді. Цефалометриялық және ортопедиялық өлшемдер емге дейін және кейін салыстырылды. Нәтижелер: SNB және Ar-B көрсеткіштері артты, ANB бұрышы төмендеді, бет биіктігі ұлғайды. Мұрынжұтқыншақ жолдарының кеңеюі байқалды. Кифоз, лордоз және краниоцервикальды бұрыш төмендеді. Қорытынды: Твин-блок аппараты II класс тістемді түзетуге ғана емес, сонымен қатар дене қалпын және тыныс алу жолдарының жағдайын жақсартуға оң әсер етеді. Бұл әсер әсіресе өсу кезеңіндегі балаларда тиімді.
Сведения · Details
- DOI 10.70113/1815-9443.2025.64.99.005
- Журнал · Journal Scientific and practical journal Dentistry Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0