ӨРЛЕУ ВЕСТИ НЕПРЕРЫВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ, 2024, т. 2
TOUCHMATH – MULTISENSORY LEARNING METHOD
TOUCHMATH – МУЛЬТИСЕНСОРЛЫҚ ОҚЫТУ ƏДІСІ
Аннотация · Abstract
Ғылыми еңбектердегі дереккөздерге сəйкес дəстүрлі оқыту əдістері ерекше білім алуды қажет ететін оқушылар үшін математикалық дағдыларды үйретуге жеткіліксіз болды, сондықтан, мүмкіндігі шектеулі балаларға математикалық дағдыларды үйрету кезінде көп сенсорлы оқыту əдістерін қолданудың ерекше қажеттіліктері туындайды. Осындай жаңа педагогикалық əдіс-тəсілдердің бірі – TouchMath мультисенсорлық оқыту əдісі. Зерттеудің негізгі мақсаты – осы əдісті ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына енгізу үшін ұсыну, сонымен бірге, TouchMath көмегімен зерттеулерді талдау жəне практикада қолдану болып табылады. Зерттеу əдістері – дереккөздерге кітапханадағы ғылыми, оқу, оқу-əдістемелік деректер қоры жəне электронды деректер базалары (EbschoHost, Proquest, National) пайдаланды. Дипломдық жұмыс орталығы (www.yok.gov.tr), сондай-ақ іздеуде «TouchMath», «Touch math», «Nokta Belirleme Tekniği» жəне негізгі сөздер ретінде «Dokunmatik Matematik» пайдаланылды. TouchMath-тың математикадан қиындық туындайтын барлық оқушылар үшін тиімділігі дəлелденген. TouchMath – бұл мультисенсорлық оқыту əдістерінің бірі. Математикалық дағдыларды үйрету, əсіресе оқушылардың сандарды қабылдау, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Осы мақаланы жазу барысында халықаралық, ұлттық дерекқорлар жəне деректер базасынан отыздан астам мақала табылды. Біздің зерттеу осы мақалаларға сəйкес талданды жəне ғылыми-зерттеу модельдері, қатысушылар, тəуелділік айнымалылары жəне сонымен қатар, сенімділікті, əлеуметтік жарамдылықты, жалпылауды жəне қызмет көрсету деректерін пайдаланады, олар талқыланды, редакцияланды. Соңында, алынған қорытындылар бойынша зерттеулер нəтижесінде мектеп оқушыларына эксперимент ретінде қолданылып, анализ жасалып, гипотеза анықталып, математикалық статистика динамика негізінде өңделді. Қорытындылай келе, сенсорлық нүкте (TouchMath) оқытудың көрнекі жəне тактильді əдісін ұсынатын құнды тəсіл. Ол оқушыларға, əсіресе дəстүрлі əдістермен түсінуінде қиындық туындаған оқушылар үшін, көбейту проблемаларын түсіну мен шешудің нақты тəсілін ұсынады. Сандарға сенсорлық нүктелерді пайдалану оқушыларға көбейту ұғымдарында берік іргетас жасауға көмектеседі жəне көбейту есептеулерінде сенімділік пен еркіндіктің артуына ықпал етеді.
Сведения · Details
- DOI 10.69927/nnpc9920
- Журнал · Journal ӨРЛЕУ ВЕСТИ НЕПРЕРЫВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0