Central AsianResearch Index

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҮКТЕМЕНІ ТӨМЕНДЕТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ-СТАТИСТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Мақалада әлеуметтік жүктеменің артуы жағдайында Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беруді дамытудың экономикалық аспектілері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі мүгедектігі бар балалар санының көбеюімен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар контингентінің кеңеюімен байланысты. Бұл үрдістер ұзақ мерзімді бюджеттік міндеттемелерді қалыптастырып, әлеуметтік саланы басқаруда ғылыми негізделген тәсілдерді талап етеді.Зерттеудің мақсаты –Қазақстандағы инклюзивті білім берудің даму үрдістерін анықтау, мүгедектігі бар балаларды білім беру ортасымен қамту динамикасын бағалау, анықталған процестерді экономикалық-статистикалық модельдеу және 2030 жылға дейінгі болжамды қалыптастыру.Зерттеудің ғылыми жаңалығы инклюзивті біліммен қамтуды болжаудың экономикалық-статистикалық моделін әзірлеуде болып табылады. Бұл модель инклюзияны кеңейтудің ұзақ мерзімді әлеуметтік жүктемені және мемлекеттің бюджеттік міндеттемелерін төмендетуге ықпалын сандық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.Зерттеунәтижелері 2011-2023 жылдары мүгедектігі бар балалар санының өсу қарқыны инклюзивті білім беру инфрақұрылымының даму қарқынынан жоғары болғанын көрсетеді, бұл қамту үлесінің төмендеуіне әкелген. 2024 жылдан бастап қамту деңгейінің 80%-дан жоғары өсуімен қатар жүретін сапалы серпіліс байқалып, мемлекеттік саясаттың жүйелі трансформациясын айғақтайды. Құрылған регрессиялық модельдер әлеуметтік жүктеменің тұрақты өсу үрдісін және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігінрастайды.Зерттеу қорытындыларыинклюзивті білім беруді қамтуды экстенсивті кеңейтуден оның сапасын арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға, ведомствоаралық үйлестіруді жетілдіруге және сценарийлік бюджеттеуді енгізуге көшу қажеттігін көрсетеді. Инклюзивті білім беру болашақтағы әлеуметтік шығындарды азайтып, әлеуметтік интеграция деңгейін арттыратын адам капиталына салынатын инвестиция ретінде қарастырылуы тиіс. Инклюзивті білім берумен қамтуды кеңейту мемлекеттік шығындарды оңтайландыру құралы ретінде қарастырылуы мүмкін, өйткені әлеуметтік интеграция деңгейінің артуы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік төлемдер жүйесіне түсетін жүктемені азайтып, халықтың әлеуетті экономикалық белсенділігін арттырады.

Сведения

Опубликовано
2026 · Т. 3, № 3
Язык
Казахский
Издатель
"Institute of Economics and Project Management" LLC
Аффилиации
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті
«Aqylsana» қоғамдық қоры