ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Орталық Азия елдерінің мемлекеттік саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеудің мақсаты ауыл шаруашылығының құрылымдық трансформациясы, оның өнімділігінің өсуі және аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі арасындағы байланысты бағалау болып табылады. Зерттеудің ақпараттық базасы Дүниежүзілік банктің және FAO-ның 2015-2024 жылдардағы статистикалық мәліметтері болды. Мақалада салыстырмалы, статистикалық және жүйелік талдау әдістері қолданылған. Нәтижелер Орталық Азияның барлық елдерінде экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесі төмендегенін, сонымен бірге аграрлық сектордағы еңбек өнімділігі артып келе жатқанын көрсетті. Алайда, өндіріс тиімділігінің артуы азық-түлік қауіпсіздігінің төмендеуіне әкелмеді. Бұл тұрақты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндіріс көлемін ұлғайту жеткіліксіз екенін көрсетеді. Ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға, инновацияларды енгізуге, инфрақұрылымды дамытуға және азық-түліктің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді мемлекеттік саясат қажет. Зерттеудің ғылыми жаңалығы ауыл шаруашылығының құрылымдық өзгерістерінің, аграрлық сектордың өнімділігінің және Орталық Азия елдерінің азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйінің өзара байланысын кешенді бағалау болып табылады. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы ауыл шаруашылығын дамытудың және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу кезінде оларды пайдалану мүмкіндігінен тұрады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 3, № 3
- Язык
- Казахский
- Издатель
- "Institute of Economics and Project Management" LLC
- Аффилиации
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті