AGILE ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖОБАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҰЙЫМДАРДАҒЫ АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МОДЕЛІ
Экономиканың цифрлық трансформациясы және Agile-тәсілдердің таралуы жағдайында жобаға бағытталған ұйымдарда адам ресурстарын басқаруды қайта қарастыру қажеттілігі артып келеді. Зерттеудің мақсаты цифрлық шешімдер мен Agile тәсілдерінің синергиясына негізделген адам ресурстарынбасқарудың интеграцияланған моделін әзірлеу болып табылады. Жұмыста жүйелі, процестік және салыстырмалы әдістер, сондай-ақ ғылыми дереккөздерді жалпылау әдісі қолданылды, бұл цифрландыру жағдайында басқаруды трансформациялаудың негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде адам ресурстарын басқарудың тиімділігі төрт элементтің: цифрлық инфрақұрылымның, персоналдың құзыреттілігінің, басқару үдерістерінің өзгеруінің және ұйымдастырушылық жетілу деңгейінің өзара байланысымен анықталатыны анықталды. Agile және цифрлық шешімдерді енгізу сызықтық емес және адами капиталды дамыту мен басқарудың институционалдық трансформациясын қамтитын кешенді өзгерістерді қажет ететіні көрсетілген. Бұл элементтердің синхронды дамуы жобалық қызметтің ұйымдастырушылық икемділігі мен тиімділігін тұрақты арттыруды қамтамасыз етеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы тек технологиялық және үдерістік жақтарды ғана емес, сонымен қатар басқарушылық өзгерістердің тиімділігін арттыратын фактор ретінде ұйымдастырушылық жетілудің рөлін ескеретін тұжырымдамалық модельді әзірлеу болып табылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығына жобалық қызметтің ұйымдастырушылық икемділігі мен тиімділігін арттыру үшін ұсынылған модельді қолдану мүмкіндігі жатады. Зерттеу нәтижелері цифрлық трансформация стратегияларын әзірлеу және жобаға бағытталған ұйымдарда HR тәжірибелерін жетілдіру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · Т. 3, № 3
- Язык
- Казахский
- Издатель
- "Institute of Economics and Project Management" LLC
- Аффилиации
- Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті