Central AsianResearch Index

СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТАЛДАУ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасында құқықтық реформалар жалғасып жатқан жағдайда, құқықтық сот төрелігінің сапасына ықпал ететін факторларды кешенді талдау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу міндеттері – сот жүйесінің негізгі проблемаларын (соттардың жүктемесінің артуы, судьялардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, сыбайлас жемқорлық көріністері, қылмыстық процестегі тараптардың теңсіздігі) айқындау, отандық және шетелдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізу, сондай-ақ оларды енгізуге бағытталған практикалық ұсынымдар қалыптастыру. Талдау нәтижелері сот төрелігінің сапасына ықпал ететін негізгі мәселелер ретінде істер санының көбеюі мен кадр тапшылығына байланысты соттардың шамадан тыс жүктелуі, судьяларды іріктеу рәсімдерінің ашық еместігі, сыбайлас жемқорлық көріністері және қылмыстық процестегі тараптардың теңсіздігі болып қала беретінін көрсетті. Ұсынылып отырған шаралар қатарында судьялар мен сот қызметкерлерінің санын көбейту, заманауи технологиялар мен цифрландыруды енгізу, судьялардың біліктілігін арттыру, антикоррупциялық тетіктерді күшейту, сондай-ақ қазылар алқасы институтын кеңейту қарастырылған. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – сот төрелігінің сапасын зерттеуге құқықтық, институционалдық және әлеуметтік аспектілерді біріктірген кешенді тәсілдің қолданылуында, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне сенімін арттыруға бағытталған жүйелі шаралардың ұсынылуында. Зерттеудің теориялық маңызы – сот төрелігінің сапа өлшемшарттарына қатысты ғылыми түсініктерді дамытуда көрініс табады, ал практикалық маңызы – алынған тұжырымдар мен ұсынымдардың сот және атқарушы билік органдарының қызметінде пайдалану мүмкіндігінен айқындалады. Жасалған қорытындылар Қазақстанның сот жүйесін жүйелі түрде реформалаудың қажеттілігін дәлелдейді, бұл ретте басымдық сот төрелігін цифрландыруға, судьялардың біліктілігін арттыруға, тараптардың нақты бәсекелестігін қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға берілуі тиіс. Ұсынылған шараларды іске асыру сот қызметінің тиімділігі мен әділділігін арттырып, қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2025 · Т. 11, № 3
Язык
Казахский
ISSN
3005-2238 · 3005-2246
Издатель
Academy of Justice under the High Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Заң ғылымдарының докторы, профессор, аға әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры