Central AsianResearch Index

ҚҰҚЫҚ ҮСТЕМДІГІ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ

Ғылыми мақала құқықтың үстемдігі, оның тұжырымдама және құ-қықтық құбылыс ретінде пайда болу тарихы мәселелеріне арналған. Құқықтың үстемдігі барлық мемлекеттер ұстануға тиіс адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағи-даты ретінде қарастырылады. Құқықтық табиғат, құқық үстемдігінің тетік ретіндегі мазмұны, құқықтық құбылыстар және қазіргі адам құқықтарына тұжырымдамалық көз-қарас талданады. Мемлекеттің негізгі заңының құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі зерттелді және анықталды. Талдау нәтижесінде адамның негізгі құқықтары мен бостан-дықтарын бекітетін және тиімді заңнамалық процедураны белгілейтін заңнаманың мінсіз жүйесін қалыптастыру демократиялық қоғам құру үшін жеткіліксіз екендігі анықталды. Құқық үстемдігі қағидаты іс жүзінде қамтамасыз етудің жалғыз құралы және бақылау-адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 6, № 2
Язык
Казахский
ISSN
3005-2238 · 3005-2246
Издатель
Academy of Justice under the High Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
Заң ғылымдарының докторы, профессор, конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті