«МӘЖАЛЛӘ» КОДЕКСІ ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫ ТАРИХЫНДАҒЫ РЕФОРМА РЕТІНДЕ
XIX ғ. Осман империясы экономикалық және саяси әлсіреген елдің күйін кеше бастады. Империяның Батыс Еуропа елдерінен экономикалық және техникалық да-муы жағынан артта қалуы, оппозициялық көңіл-күйдің күшеюі және т.б. құбылылыстар билеуші режимді елде бірқатар салаларда реформаларды жүзеге асыруға итермеледі. Сол себепті сұлтан соты елдегі әділет жүйесінде бұрын-соңды болмаған ауқымды реформалар жүргізді.Мақалада 1868–1878 жылдары қабылданған «Мәжаллә» деп аталатын ислам құқы-ғы тарихындағы алғашқы азаматтық кодекс талданады. Мәжалләны дайындау және қа-былдау барысы және осы құжаттың ерекшеліктері ашылады. Мәжалләні кодификациялау үшін жүргізілген жұмыс ханафи мәзһабының фиқһы не-гізінде жасалды. Сондықтан да авторлардың айтуынша кодекстегі нормаларда басымды-лық басқа мазһабтарға қарағанда ханафи мазһабына берілген.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 6, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3005-2238 · 3005-2246
- Издатель
- Academy of Justice under the High Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- MNU (Мaqsut Narikbayev University) Ислам және қазақ құқығы орталығының дирек-торы. Исламтану докторанты