Central AsianResearch Index

ӘКІМШІЛІК ДАУ АЙТУ ТУРАЛЫ ТАЛАП ҚОЮДЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ МЕН НЕГІЗДІЛІГІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК) қолданысқа енгізілгелі мемлекеттік органдар мен тұлғалар-дың өзара қатынастарына жаңа серпін берілгеніне назар аударылған және осындай маңызды өзгерістер қарсаңында жария-құқықтық саладағы ең жиі кездесетін дау айту туралы талап қоюдың табиғаты мен мәні зерделенген. Сонымен қатар әкімшілік талап қою ұғымына қатысты бірқатар әкімшілік танушылардың көзқарастары берілген.Авторлармен дау айту туралы талап қою сотпен қаралуы үшін оның жарамдылығы мен негізділігінің бірқатар шарттары қарастырылған. Яғни, әкімшілік дау айту туралы талап қоюдың соттағы қозғалысы мен қаралуы барысын екі кезеңге бөліп ашу – сызба-алгоритм арқылы берілген. Бірінші кезең – сот талқылауы басталғанға дейін дау айту туралы талап қоюды жарамдылық тұрғысынан тексеру, ал екінші кезең – сот талқылауы, дау айту туралы талап қоюдың негізділігін тексеру. Жалпы алғанда әкімшілік талап қоюдың жарамсыз немесе негізсіз деп танылуы мүмкін факторларды ескеру қажеттігі, бұл оның қайтарылуына және сотта қаралудың тоқтауына әкеліп соғатын жағдайлар жиынтығы ретінде ашылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 4, № 4
Язык
Казахский
ISSN
3005-2238 · 3005-2246
Издатель
Academy of Justice under the High Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
Аффилиации
З.ғ.к., Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі акаде-миясы Мемлекеттік-құқықтық пәндердің ғылыми-білім беру орталығының директоры
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас мама-ны, құқық магистрі