ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ БҰЙРЫҚТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ИНСТИТУТЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАЛДАУ
Мақалада авторлар қылмыстық процестегі бұйрықтық іс жүргізу институтына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізді. Осы институт Қазақ -станда 2018 жылдан бастап жұмыс істей бастады және «Қазақстан Республика-сының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 1 желтоқсандағы Заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-про-цестік кодексіне енгізілді. Мұндай институтты енгізу қажеттілігі іс жүргізу нысанын жеңілдету, қылмыстық теріс қылықтар мен ауырлығы аз қылмыстар туралы істер бойынша мерзімдерді жеделдету және іс жүргізу үнемдеуі қажеттілігіне бай-ланысты. Іс жүзінде бұйрықтық іс жүргізу институтын құқық қорғау және сот орган-дары толық көлемде пайдаланбайтынын атап өткен жөн, бұл заңнамалық реттеудің жетілмегендігі, сондай-ақ оны қолдану кемшіліктері салдарынан бұйрық тәртібінің барлық әлеуеті толық ашылмағандығы туралы тезисті растайды. Осыған ұқсас институттардың кейбір ережелерінің рецепциясы мен оларды бейім-деу бөлігінде шетелдік заңнаманы талдау осы жұмыстың негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 2, № 2
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 3005-2238 · 3005-2246
- Издатель
- Academy of Justice under the High Judicial Council of the Republic of Kazakhstan
- Аффилиации
- «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Ғылыми құқықтық сараптаманы үйлестіру бөлімінің басшысы