Жасөспірімдердің этномәдени төзімділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: мектептің, отбасының және этномәдени бірлестіктің өзара әрекеттестігі
Қазіргі Қазақстанның білім беру жүйесі полимәдени қоғам жағдайында өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қабілетті, жоғары деңгейдегі мәдениетаралық құзыреттілікке ие тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған. Ұлттық әралуандылық жағдайында азаматтық бірегейлікті және қоғамдық келісімді нығайтудың маңызды тетігі — этномәдени төзімділікті қалыптастыру болып табылады. Осы зерттеу неміс диаспорасының мәдени әлеуетін жасөспірімдердің төзімді мінез-құлқын тәрбиелеудің тиімді құралы ретінде қарастырып, этномәдени төзімділікті дамытудың педагогикалық шарттарын айқындайды.Зерттеудің ғылыми жаңалығы — жасөспірімдердің этномәдени төзімділігін қалыптастыруда «Мектеп – Отбасы – Диаспора» өзара әрекеттестік моделін негіздеуінде. Бұл модель білім беру, әлеуметтік және мәдени ресурстардың интеграциясын қамтамасыз етіп, оқушылардың төзімді мінез-құлқын қалыптастырудың тиімді педагогикалық жүйесін ұсынады.Зерттеу әдіснамасының негізін этнопедагогикалық, әлеуметтік-конструктивистік және мәдениетаралық құзыреттілік тұжырымдамалары (UNESCO) құрайды. Эмпирикалық база Семей қаласындағы неміс мәдени орталығымен («Возрождение») ынтымақтаса жұмыс істейтін №44 жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік тәжірибесін талдау (case study негізіндегі), сауалнама және бақылау әдістеріне сүйенеді Іріктеме 70 респондентті қамтыды (8-9 сыныптардың 60 оқушысы, 10 педагог). Зерттеу нәтижелерінің валидтілігі методологиялық триангуляция тәсілі арқылы қамтамасыз етілді.Алынған нәтижелер этномәдени төзімділіктің тұрақты дамуы келесі педагогикалық шарттар орындалғанда мүмкін екенін көрсетеді: - этномәдени компонентті тәрбиелік үрдіске мазмұнды енгізу; - мектеп пен этномәдени бірлестіктер арасындағы институционалдық серіктестік орнату; - педагогтердің этнопедагогикалық құзыреттілігін арттыру.Ұсынылған модель жасөспірімдер бойында құрмет, сенім және азаматтық ынтымақ құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етіп, қазақстандық қоғамның келісім мен тұрақтылық мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Сведения
- Журнал
- Білім-образование
- Опубликовано
- 2026 · Т. 118, № 3, С. 176-191
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1607-2790 · 2960-0642