Тарих сабақтарында архив деректерін «Silent Discussion» арқылы проблемалық оқыту: әдістемелік модель және тәжірибе
Бұл мақалада Тарих білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын ІІІ курс практиканттарының педагогикалық практикасы барысында 8-сынып білім алушыларымен архивтік құжаттарды талдау үшін қолданылған проблемалық оқытудың тиімді әдістерінің бірі «Silent Discussion» технологиясы қарастырылады. Мақалада аталған технологияның негізгі кезеңдері мен оны «Оңтүстік Қазақстанға арнайы қонысаудару» тақырыбы аясында қолдану ерекшеліктері жан-жақты сипатталған. Мақаланың мақсаты – тарих сабақтарында архив құжаттарын «Silent Discussion» (Үнсіз талқылау) технологиясы арқылы қолданудың әдістемелік моделін негіздеу және оның білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы тиімділігін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеу Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып деңгейінде (эксперименттік топта – 20, бақылау топта – 20, жалпы 40 білім алушы) педагогикалық эксперимент, теориялық талдау, сабақтардың мазмұнына контент-талдау және сандық нәтижелерді салыстырмалы бағалау әдістері арқылы жүргізілді. Эксперимент барысында «Оңтүстік Қазақстанға арнайы қонысаудару» тақырыбы аясында цифрлық және өңірлік архив материалдары қолданылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, ұсынылған әдістемелік жүйені білім беру процесіне кіріктіру және оны ғылыми-әдістемелік семинар аясында апробациялау болашақ мұғалімдердің тарихи деректерді сыни талдау, салыстыру және мұрағаттық материалдарды дербес педагогикалық контентке айналдыру дағдыларын айтарлықтай арттыратыны тұжырымдалды.
Сведения
- Журнал
- Білім-образование
- Опубликовано
- 2026 · Т. 2, № 117, С. 89-105
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1607-2790 · 2960-0642