Қазақ тілін фильмдер арқылы оқыту
Бүгінгі таңда цифрлық технологияны тиімді қолдану, сапалы білім беру өзекті мәселелердің бірі. Мақалада білім алушылардың тілге, соның ішінде қазақ тіліне және «Қазақ тілі» пәніне деген қызығушылықтарын арттырудың ұтымды жолы ретінде фильмдер арқылы қазақ тілін меңгерту әдісі ұсынылады. Авторлар жүргізген зерттеулерінің негізінде бұл әдістің қазақ тілін меңгертуде тиімді әрі нәтижелі екендігін және фильмдер арқылы сөйлеу әрекетінің тыңдалым, айтылым, тілдесім, жазылым дағдыларын дамытуға, оқушылар бойында адамзаттық, ұлттық, әлеуметтік, мәдени-рухани құндылықтарды қалыптастыруға болатынын дәлелдейді. Қазақ тілін оқытуда оқушыларға көркем және деректі фильмдер көрсету арқылы жаңадан меңгерілетін сөздер оқушылардың жадында жақсы сақталатынын, сыни ойлауы артатынын, оқушылар өздерін еркін сезініп, ойларын ашық айтатынын, отбасындағы тәрбиенің олқылықтары толықтырылатынын, қазақ көркем өнеріне, соның ішінде қазақ фильмдерін көруге және фильмді түсіруге арқау болған көркем шығармаларды оқуға деген ынталары артатынын, сонымен қатар сабақта фильм көрсету инклюзивті білім беруді қолдайтынын нақты мысалдар арқылы дәйектейді.Мақалада қазақ тілі сабақтарында фильмдер көрсетудің рөлі мен маңызы, фильмдерге қойылатын талаптар мен фильмнің атқаратын қызметі, фильм бойынша орындалатын жұмыс түрлері санамалап беріледі.
Сведения
- Журнал
- Білім-образование
- Опубликовано
- 2026 · Т. 116, № 1, С. 68-83
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1607-2790 · 2960-0642