Central AsianResearch Index

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ КОНЦЕПТІЛЕРДІҢ КОГНИТИВТІК РЕПРЕЗЕНТАЦИЯЛАНУЫ

Бұл мақалада шетелдік және отандық ғалым-зерттеушілердің лингвомәдени концепт теориясына қатысты еңбектеріне тоқталып, мәдени концепт ұғымын қарастырудағы ғылыми көзқарастары мен пікірлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Қазақ тіл ғылымындағы лингвомәдени концептілердің теориялық негіздері мен репрезентациясы когнитивтік және лингвомәдениеттану тұрғысынан қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «намыс» мәдени концептісінің ұлттық дүниетанымдағы алатын орнын және құрылымдық-мазмұндық ерекшеліктерін анықтау. Сондай-ақ оны «қамшы», «тары», «қазақ әйелі», «ар» лингвомәдени концептілерімен салыстыра талдап, сол арқылы аталған концептілердің қазақ дүниетанымындағы, құндылықтар жүйесіндегі рөлін анықтау. Зерттеуде эмпирикалық дереккөздер ретінде қазақ тілінің түсіндірме сөздігі және әдеби тіл сөздіктер, Қазақ тілінің ұлттық корпусы материалдары қолданылды. «Намыс» лингвомәдени концептісінің ядролық аймағы, шеткері аймағы мен ассоциативті өрістері анықталды.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 81-93
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov