Central AsianResearch Index

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРИЗМНІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Мақалада Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы фольклоризмнің типологиясы қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде «Қырық мысал», «Маса» жинақтары және «Қожа Насреддин ақылы», «Малшы мен маса», «Оқуға шақыру», «Қазақ қалпы» сияқты мәтіндер алынды. Зерттеудің мақсаты – Ахмет шығармаларындағы фольклоризмнің кездейсоқ құбылыс емес, белгілі бір көркемдік жүйемен көрінетінін анықтау. Жұмыста салыстырмалы-типологиялық, интертекстуалдық, құрылымдық-семиотикалық және герменевтикалық әдістер қолданылды.Талдау нәтижесінде фольклоризмнің бес түрі айқындалды: жанрлық, сюжеттік-мотивтік, образдық-символдық, стильдік-поэтикалық және дүниетанымдық. Жанрлық деңгейде «Қырық мысал» халықтық ғибратты әңгіме мен мысал үлгісіне, ал «Маса» толғау, терме, насихат өлең дәстүріне сүйенетіні дәлелденді. Сюжеттік-мотивтік деңгейде ұйқыдағы жұрт, жасырын пәле, еңбек пен жалқаулық, білімді мен наданның арақатынасы сияқты фольклорлық мотивтердің ұлттық ояну идеясымен сабақтасатыны көрсетілді. Образдық-символдық деңгейде маса, малшы, жылан, қаз, ұйқы, түн, жол, ел-жұрт тәрізді бейнелердің Алаш дәуірінің көркем символдарына айналғаны анықталды. Стильдік-поэтикалық талдау анафора, эпифора, параллелизм, қайталама, градация сияқты тәсілдердің халықтық жырлау дәстүрімен байланысын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы фольклоризм ұлттық дүниетаным мен көркем поэтиканы тоғыстыратын көпқабатты жүйе екені тұжырымдалды.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 313-327
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov