Central AsianResearch Index

ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Зерттеудің мақсаты – Төлеген Қажыбай поэзиясындағы өмір–өлім, уақыт–мәңгілік және туған жер–тарихи жад семантикалық модельдерінің көркемдік қызметін айқындап, ақынның ұлттық поэтикалық дәстүрдегі даралығын салыстырмалы-типологиялық тұрғыдан негіздеу. Материал ретінде Т. Қажыбайдың «Өмір жыры» циклі мен «Көкшеге» өлеңі, ал салыстырмалы контекст ретінде М. Мақатаевтың «Өмір дейтін», «Туған жерім» және Т. Айбергеновтің «Өмір», «Дала» өлеңдері алынды. Салыстыру тақырыптық өзек, лирикалық субъект, кеңістік бейнесі, жетекші троптар және композициялық-семантикалық құрылым өлшемдері бойынша жүргізілді. Нәтижесінде үш ақынға өмірдің қозғалыс, қарама-қайшылық және рухани сабақтастық ретінде бейнеленуі ортақ екені, ал Т. Қажыбайдың даралығы дәстүрлі толғау, арнау және жоқтау поэтикасын Көкше кеңістігімен, ұлттық тарихи жадпен және тұлғалық рефлексиямен ұштастыруынан көрінетіні анықталды. Ақын поэзиясында антитеза, метафора, символ, психологиялық параллелизм мен композициялық шеңбер жекелеген тәсілдер емес, адам–уақыт–мекен тұтастығын қалыптастыратын өзара сабақтас көркемдік жүйе ретінде қызмет етеді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 256-267
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov