Central AsianResearch Index

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ БОЛМЫСЫ: СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі цифрлық даму үдерісі жағдайында тілдің табиғаты мен қызметі жаңа технологиялық ортада қайта қарастырылуда. Әсіресе жасанды интеллект жүйелерінің (ЖИ) қарқынды өркендеуі ұлттық тілдердің цифрлық әлеуетін бағалауды өзекті ғылыми мәселеге айналдырып отыр. Осыған байланысты зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі этномәдени лексиканың ЖИ модельдері арқылы игерілу әлеуетін анықтауға бағытталған. Қазақ тілінің семантикалық, прагматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін ЖИ жүйелері арқылы талдап, олардың ұлттық-мәдени кодты тану қабілетін салыстырмалы тұрғыда бағалау басты мақсат ретінде алынды. Негізгі идея – тілдің тек құрылымдық жүйе емес, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін когнитивтік феномен екенін ескере отырып, ЖИ-дің оны меңгеру құзыреттілігін анықтау. Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі даму қадамдары айқындаумен және ЖИ модельдерін ұлттық тілге бейімдеу мәселелерін негіздеумен сипатталады. Әдіснамалық тұрғыдан жұмыс контекстік, когнитивті-семантикалық және прагматикалық талдау әдістеріне сүйеніп, эксперименттік тәсіл арқылы жүзеге асырылды. Эксперимент қорытындысы ЖИ модельдерінің қазақ тілінің ұлттық кодын меңгеру деңгейі орташа есеппен 57%-ды құрайтынын көрсетті. Модельдер арасында Grok (73%) ең жоғары дәлдік танытса, DeepSeek (40%) ең төменгі көрсеткішке ие болды. Тілдік модельдердің грамматикалық деңгейдегі сауаттылығына қарамастан, прагматикалық реңктерді ажыратуда және этнографиялық мағынаны интерпретациялауда жүйелі қателіктер мен «алгоритмдік галлюцинациялар» анықталды. Зерттеудің құндылығы – қазақ тілінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерін цифрлық технологиялар контексінде кешенді түрде қарастыруында. Жұмыс нәтижелері ЖИ жүйелерін қазақ тіліне бейімдеу, тілдік деректер қорын кеңейту және білім беру үдерісінде тиімді қолдану бағытында практикалық маңызға ие.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 243-256
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov