Central AsianResearch Index

BALAUSA: ҚАЗАҚТІЛДІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ КОРПУСЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ, ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мақала заманауи онтолингвистиканың өзекті бағыттарының бірі – ерте жастағы қазақтілді балалардың сөйлеу тілінің корпусын құрудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық және практикалық негіздері айқындалады. Зерттеу шеңберінде «Balausa» аудиожазбалар корпусы ұсынылып, оның ерте тілдік даму заңдылықтарын зерделеудегі эмпирикалық маңызы негізделеді. Зерттеу нысаны ретінде табиғи қарым-қатынас жағдайында жазылып алынған 1-4 жас аралығындағы 12 баланың сөйлеу тілінің аудиожазбалары алынды. Деректерді өңдеу барысында халықаралық CHILDES базасының стандарттарына сәйкес транскрипцияланып, көпқабатты морфосинтаксистік аннотациялау әдістері қолданылды. Қазақ тілінің агглютинативті табиғаты ескеріліп, түркі тілдес балалар корпустарының тәжірибесіне сүйене отырып, қазақ тіліне тән параметрлерді таңбалаудың ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар, мақалада балалар сөйлеу тілінің корпусын құрудың негізгі кезеңдері сипатталып, жобаның қазіргі таңда бастапқы сатысында жүзеге асырылып жатқаны көрсетіледі. Зерттеу қазақ тілінің цифрлық онтолингвистикалық моделін қалыптастыруға және балалардың тілдік құзыреттілігінің даму траекториясын айқындауға мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 228-242
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov