Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДІНИ ЛЕКСИКАНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ЛИНГВОКОГНИТИВТІК ЖӘНЕ КОРПУСТЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

Қазіргі антропоцентристік парадигма аясында ұлттық мәдени код пен дүниетанымның негізін құрайтын діни лексиканы кешенді зерделеудің ғылыми маңызы зор. Қоғамдық-саяси өзгерістер мен секуляризация үдерістері тілдің сөздік құрамындағы діни атаулардың денотативті және коннотативті деңгейде трансформациялануына тікелей ықпал етеді. Осы орайда, базалық діни концепттердің заманауи тілдік санадағы орны мен мағыналық эволюциясын анықтау зерттеудің өзектілігін айқындайды. Мақалада қазақ тіліндегі жеті іргелі діни лексеманың («иман», «тәубе», «сауап», «обал», «тағдыр», «ысрап», «нәпсі») ХІХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы аралығындағы семантикалық-прагматикалық трансформациясы мен уақыт безбеніндегі dynamic-асы корпустық лингвистика және лингвокогнитология тұрғысынан кешенді зерттеледі. Қазақ тілінің ұлттық корпусы (qazcorpus.kz) мәліметтері негізінде бұл бірліктердің таза теологиялық канондық мағынадан арылып, заманауи дискурста әлеуметтік-психологиялық және қаржылық-экономикалық категорияларға ауысу, яғни секуляризациялану заңдылықтары эмпирикалық түрде дәлелденді. Дистрибуциялық талдау нәтижесінде діни лексиканың көркем проза (~42%) мен поэзияда (~28%) шоғырлану ерекшелігі айқындалды. Сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлының авторлық идиостиліне статистикалық талдау жасалып, аталған лексемалардың ақынның «Ождан ғылымы» концепциясының тілдік деңгейдегі біртұтас когнитивтік моделін құрайтыны негізделді.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 213-227
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov