Central AsianResearch Index

ТІЛ ИЕЛМЕНДЕРІ ҚОЛДАНЫСЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ ЕТІСТІК: ГРАММАТИКАЛЫҚ САУАТ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

Ұсынылған мақалада қазіргі қазақ тіл иелмендерінің сауат деңгейін анықтауға бағытталған лингвистикалық сауалнаманың нәтижелері берілген. Атап айтқанда, тіл иелмендерінің күрделі етістіктер мен етістікті еркін тіркестерін қолданудан қанша қате жібергені, қандай грамматикалық ауытқу түрлеріне жол бергені эмпирикалық деректер базасы мен статистикалық мәліметтер арқылы негізделеді. Қазіргі қазақ тіл иелмендерінің қолданысында жүрген, күрделі етістікке қатысты жиі кездесетін қате тілдік бірліктердің типі анықталып, оның уәжі талқыланады. Қазақ тілінің күрделі етістіктеріне қатысты грамматикалық білімдер жүйесі ұсынылады. Тіл иелмендерінің күрделі етістіктерді қолдануына талдау жүргізу аса маңызды. Өйткені қазақ тілінің етістігі қазақ сөйлемінің негізгі өзегі, оның модальдік, аспектуалдық, шақтық мағынасын үстеудің басты грамматикалық құралы саналады. Оны дұрыс қолдана білу – коммуникация мен тілдесімнің сәтті жүзеге асуының кепілі. Ал тілшілер үшін бұл ана тіл тұтынушыларының қолданысында жүрген басты грамматикалық ауытқуларды анықтап, оны түзету мен жөндеудің грамматикалық құралдарын әзірлеуге өзекті болмақ. Атап айтқанда, «Қазақ тілінің күрделі етістіктер сөздігін» дайындаудың алғышарты дайын деп ойлаймыз. Сондай-ақ басқа да лингвистикалық құралдардың, оның ішінде қате қолданыстардың грамматикалық анықтағышын, жасанды интеллектігі үйретуге арналған лингвистикалық әзірлемелерді, белгіленімдерді дайындауға мүмкіндік бермек. Лингвистикалық сауалнама нәтижесі қазақ тіл иелмендерінің күрделі етістікті қолдану мен етістікті сөз тіркестерін құруға келгенде қандай қиындықтарға тап болатыны, неге келгенде қиналатынын көрсетіп бере алды. Ұсынылған мақаланың өзектілігі мен құндылығы осында деген ойдамыз.

Сведения

Опубликовано
2026 · № 3, С. 108-124
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov