АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ ОЙДЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ
Мақала Абай Құнанбайұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы көркем ой сабақтастығын анықтауға арналған. Ахмет Байтұрсынұлы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын жоғары бағалаған және ақындық мектебінен өз бетінше сабақ алған. Екі ақынның поэзиясындағы көтерілген тақырыптардың үндесуі авторлардың өлеңдерін салыстыра қарастыру арқылы дәлелденді. Абайдың «Сегіз аяғы» мен Ахметтің «Жиған-тергенінде» көтерілген тақырып пен идея, өлеңдердің құрылысындағы ұқсастықтар екі ақынның шығармашылығындағы сабақтастықты айқындайды. Абай шығармашылығындағы «толық адам» ілімі мен Ахмет Байтұрсынұлы поэзиясындағы «адамдық диқаншысы» ұғымының байланысы жан-жақты қарастырылды. Байқағанымыз, Абай да, Ахмет те шығармаларының бас кейіпкері ретінде халқына ақыл айта білген. Сондай-ақ заманының кемеңгер тұлғасына айнала білген ұлы тұлғалар ретінде қазақ қоғамына жол көрсете алған. Абай да, Ахмет те өздері өмір сүрген заманның қалпын шынайы суреттеп, қоғамдағы кемшіліктерді көрсете білген. Өлеңдерінде адамдарды надандық, көрсеқызарлық, мақтаншақтық, өсек, өтірік айту сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға, оқуға, еңбек етуге, кәсіппен шұғылдануға, адал болуға шақырған. Зерттеудің нәтижелерін абайтану, ахметтану курстарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ мақаланың тәжірибелік бөлігін жоғары оқу орындарында оқытылатын Әдебиет теориясы, Стилистика және тіл мәдениеті пәндерінің семинар сабақтарында қолдануға болады деп ойлаймыз.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 2, С. 257-272
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov