ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ӘДЕБИ ДИСКУРСТЫҢ ИНСТИТУЦИОНАЛДАНУ ҮДЕРІСІ
Мақала ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзіндегі әдеби дискурстың институционалдану үдерісін кешенді зерттеуге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ баспасөзінің әдеби дискурс қалыптастырудағы рөлін анықтау және оның қоғамдық, нормативтік және эстетикалық функцияларын көрсету. Ғылыми бағыт тақырыптық тұрақтылық, авторлық қауым, нормативтік өлшем және қоғамдық функция төрт негізгі критерийге негізделеді. Мақалада «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Сарыарқа», «Жас азамат» газет-журналдарының материалдары, әйел бейнесінің әдеби дискурсқа қосқан үлесі, аударма әдебиеті мен әдеби сынның институттық рөлі талданады. Зерттеудің әдіснамалық негізі контент-анализ,дискурс-талдау, тарихи-компаративтік үш әдіске сүйенеді. Контент-анализ–мәтіндердің жанрлық, тақырыптық және әлеуметтік мазмұнын жүйелі қарастыруға мүмкіндік береді, дискурс-талдау – әдебиет пен қоғам арасындағы байланыс пен институционалдық рөлді ашуға ықпал етеді; тарихи-компаративтік әдіс – әдеби процесті тарихи және мәдени контекстте салыстыру арқылы оның дамуын көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиетінің қоғамдық сана мен ұлттық жаңғыру идеясын қалыптастырудағы рөлін, жеке шығармашылық тәжірибеден ұжымдық әдеби субъект қалыптастыру үдерісін, әдеби форманың енгізілуін және әдеби ұйым мен газет-журналдардың эстетикалық бағыт-бағдарларын анықтайды. Зерттеу нәтижелері дискурстық институционалданудың қалыптасуы қазақ әдебиеттануы мен мәдениеттануда әдеби баспасөздің дамуын түсінудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Мақала әдеби дискурсты институционалды тұрғыдан жүйелі зерттеу арқылы қазақ әдебиеттануы мен мәдениеттануда теориялық базаға үлес қосады.
Сведения
- Опубликовано
- 2026 · № 1, С. 110-125
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov