ШЕТТІЛДІК КӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ОНЛАЙН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МОДЕЛІ
Бұл мақала аграрлық жоғары оқу орындары студенттерінің шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін онлайн форматта қалыптастырудың ағымдағы жағдайын қарастырады. Зерттеу жұмысы онлайн оқытудың тиімділігі және оның кәсіби контекстегі шеттілдік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісіне әсерін анықтайды. Мақаланың мақсаты аграрлық жоғары оқу орындары студенттері үшін маңызды аспектілерге назар аудара отырып, осы тақырып бойынша бұрын жасалған зерттеулерді жүйелеу және талдау болып табылады. Мақала онлайн оқу форматы барысында шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру туралы шетелдік және отандық тенденциялар мен модельдерге шолу жасай отырып, олардың ең тиімді нұсқаларына тоқталады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы аграрлық жоғары оқу орындарында онлайн білім беру контекстінде шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттіліктің дамуын зерттеу қазіргі білім беру парадигмалары шеңберіндегі тиімді білім беру стратегиялары туралы теориялық түсінікті толықтырады. Зерттеу жұмысы барысында қолданылған зерттеу әдістері онлайн форматта шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға байланысты ғылыми мақалаларды, жарияланымдарды, зерттеу жұмыстарын талдауға және студенттер арасында жүргізілген сауалнамаға негізделген. Мақала аграрлық жоғары оқу орындары студенттері үшін онлайн форматта кәсіби бағытталған шетел тілін оқытудың тиімді стратегияларын одан әрі зерттеу және әзірлеудің алғышарты бола алады. Зерттеу жұмысы нәтижелерін жоғары оқу орындары оқытушылары, онлайн-курстарды әзірлеушілер және аграрлық жоғары оқу орындары әкімшілігі онлайн ортада шеттілдік кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруға қойылатын заманауи талаптарға сәйкес оқыту үлгілері мен әдістерін бейімдеу үшін пайдалана алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 4, С. 287-302
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov