Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР ОБРАЗЫ (Ж.АЙМАУЫТҰЛЫ МЕН Р.Н.ГЮНТЕКИН ПРОЗАСЫ БОЙЫНША)

Қазақ және түрік әдебиетіндегі гендерлік аспектілердің берілуі ХХ ғасырдан бастау алады. ХХ ғасырда түрлі тарихи оқиғалардың, мәдени құндылықтардың ауысуымен, сонымен қатар әйел теңдігі мәселесінің көтерілуі ерекшеленеді. Қазақ және түрік қоғамы ислам түсініктеріне негізделген. Осыған сәйкес әйел мәселесінде ұқсастықтар көрінеді. Зерттеудің мақсаты – қазақ және түрік әдебиетіндегі гендерлік аспектіні зерттеу. Зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары феминистік әдебиет, гендерлік аспектімен байланысты. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы Ж.Аймауытұлы мен Р.Н.Гюнтекин шығармашылығын гендерлік аспектіде зерттеуден көрінеді. Практикалық маңыздылығы Ақбілек пен Фериде образдары талдануымен байланысты. Зерттеуде нарративті талдау әдісі, контент-ориентативті талдау әдістері қолданылған. Нәтижесінде қазақ және түрік қоғамындағы әйелдің орны көркем шығарма аясында талданады. Талдаулардың нәтижесінде Ақбілек пен Фериде образдары «әлеуметтік образ» ретінде анықталып, қазақ және түрік қоғамындағы маңызды әлеуметтік мәселелерді жеткізетіні айқындалған. Зерттеудің құндылығы қазақ және түрік қоғамындағы әйелдердің орны ғана емес, жасампаз, жеңімпаз әйелдер образы анықталады. Қоғамның талаптарына қарамастан жеңімпаз бола білген Ақбілек пен Фериде образы әлеуметтік образ аясында жекелей талданады.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 4, С. 247-259
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov