Central AsianResearch Index

Ш. МҰРТАЗАНЫҢ «БЕСЕУДІҢ ХАТЫ» ДРАМАСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ

Мақалада жазушы Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының поэтикалық ерекшелігі талданған. Мақаланың басты мақсаты ­­– драмадағы көркемдік элементтер арқылы жасалған жалпы поэтикалық ерекшелікті саралау арқылы жазушының шығармашылық шеберлігі мен көркем бейне сомдау ерекшелігін ашу. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» пьесасының ерекшелігін саралай отырып, қазіргі қазақ әдебиетінің драматургия саласындағы поэтикалық өсу жолын дәйектеу. Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеу еңбектері алынды. Атап айтсақ, М. Әуезов, Р. Нұрғали, А. Тымболова, Т. Пентер, А. Софер, О. Николаева және тағы басқа зерттеушілердің еңбектері алынды. Зерттеу барысында жазушы Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы ұлттық реңк, жазушы ұстанымы, көркемдік ерекшелігі және жалпы қазақ елі тарихының трагедиялық жағдайдағы ұлт ардақтыларының халық үшін еткен қызметтері талданып, жаңаша сипаты ашылды. Жазушының поэтикалық тілі арқылы жасалған көркем бейнелердің ерекшеліктері талданды. Зерттеу кезінде талдау, бақылау, фактіге негізделген материалды саралау және жүйелеу барысында сипаттау әдістері пайдаланылды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – жалпы қазіргі қазақ әдебиетінде поэтика терминінің мәнін толық ашатын және оның зерттеу нысаны ретінде қалыптасқан теориялық ұғымдардың мағынасын аша түсу арқылы драматургиялық шығармаларды жаңаша талдау үлгісін көрсетуінде. Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы – бұл мақаланы жоғары оқу орындарындағы қазіргі қазақ әдебиетінің драматургия саласын оқыту кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Сведения

Опубликовано
2025 · № 3, С. 286-298
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov