ҚОҒАМДЫҚ СТЕРЕОТИПТЕР МЕН ТЕҢСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ (Ш. БЕЙСЕНОВА, Р. МҰҚАНОВА, А. КЕМЕЛБАЕВА, М. ОМАРОВА ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖЕЛІСІНЕН)
Мақалада қазіргі замандағы әлеуметтік мәселелердің бірі, әрі өзектісі ретінде қоғамдағы негізгі стереотиптер мен қатар теңсіздік мәселесі қарастырылған. Зерттеу нысанында Шәрбану Бейсенова, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева, Мадина Омарова сынды жазушыларымыздың шығармаларынан әйелдердің қоғамдағы қиындықтары, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасу жолы, теңсіздік мәселелері суреттелінеді. Зерттеу барысында қоғамдағы стереотип түрелерінің бөліну кезеңдері, салыстырмалы әдістері де қарастырылады. Мақала мақсаты – әдеби шығармалардағы феминизм мәселесі, сондай-ақ әлеуметтік стереотипті терең талдау арқылы, оның қоғамдағы себептері мен салдарын анықтау. Әдебиет – ол қоғамның айнасы. Әдеби шығармаларда қалыптасып жатқан негізгі идея мен түйінді ойларды, әлеуметтік құбылыстар мен теңсіздік мәселесінің тереңділігін әрі жан-жақтылығын зерттеу. Әлеуметтік теңсіздік мәселесі әдебиет саласында әрдайым маңызды тақырыптардың бірі болып келеді. Қоғамда болып жатқан әртүрлі мәселелерге әділетсіздікке қарсы күреске үндеудің тиімді құралы ретінде де қызмет етеді. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі нәзік жандылардың жыршысы Шәрбану Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері», «Қазақтың қыздары» шығармалары, Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» пьесасы, Айгүл Кемелбаеваның «Қара қыз» повесі, Мадина Омарованың «Аққу арман», «Түнгі аспан» сынды шығармалары әйел адамының қоғамдағы орны, тұрмыстық жағдайына, эмоционалдық және психологиялық күйлерін тереңдей суреттеген. Шығарма желісінде әйел жазушыларының типтік образдарды қалай қалыптастырғаны, ұқсастықтары, салыстырмалы түрінде беріледі. Әдебиет әлеміндегі теңсіздік мәселесі көбінесе, адамның әлеуметтік статусына, жынысына, этникалық тегіне, білім деңгейіне, мүмкіндіктеріне және басқа да факторларға байланысты қалыптасады. Жазушыларымыздың жазған шығармасындағы әйел тақырыбы қазіргі қоғамдағы болып жатқан мәселелерді салыстырмалы түрде шығарма желісімен айшықтап зерттеу. Ер мен әйел арасындағы көшбасшылыққа талас, нәзік жандылардың қоғамға дауыс бере алу құқықтары, тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесі қарастыралады. Этникалық және ұлттық, әлеуметтік теңсіздік түрлеріне байланысты айырмашылықтарыда шығарма желісінде бейнеленеді. Мақалада адамзат тарихындағы негізгі кезеңдеріндегі әлеуметтік мәселелер, соның ішінде теңсіздік, стереотип мәселелерін қозғау арқылы шығарма желісі арқылы қоғамды жақсартуға, өзгертуге ықпал ететіні айдан анық. Зерттеу нәтижесінде Ш. Бейсенова, Р. Мұқанова, А. Кемелбаева, М. Омарова сынды әйел жанашыр жазушылары қоғамдағы теңсіздік мәселелерін шығарма желісі арқылы талқылай отыра, негізгі проблемалардың шешу жолдарын көрсету арқылы, жаңадан серпіліс әкелуіне үлкен мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 3, С. 273-286
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov