ҒҰРЫПТЫҚ ФОЛЬКЛОРДЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ («АЙҚАП» МЕРЗІМДІК ЖУРНАЛЫ БОЙЫНША)
Мақалада 1911-1912 жылдар аралығында шығарылып отырған мерзімдік басылымдардың бірі - «Айқап» журналының №1 және №14 сандары негізгі зерттеу объектісі болып таңдалды. Аталмыш журналдың осы сандарында жарияланып отырған ғұрыптық фольклор материалдарын жинақтау мақсаты қойылды. Сонымен қатар, автор тарапынан журнал бетінде жарық көрген ғұрыптық фольклор жайындағы Алаш зиялыларының өлеңдері мен мақалалары, қоғам белсенділерінің хаттары назарға алынды. Ғұрыптық фольклор ішіндегі отбасылық ғұрыптық фольклор түсінігі мен осы тақырыптың зерттелу деңгейін анықтау мақсатында отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріне шолу жасалынды. Журнал бетінен терілген отбасылық ғұрыптық фольклор үлгілері «қалың мал», «келін түсіру», «қыз сату», «қыз батасы» сынды тақырыптарға топтастырылды. Жалпы өлең, хикая, хат және мақала түрінде жарияланған фольклор үлгілерінен 16 мысал терілді. Терілген мысалдарға авторлық позиция тұрғысынан талдау жүргізілді. «Айқап» секілді мерзімдік басылым беттерінде жариялаған фольклорлық мұра арқылы қазақ халқының әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі мен халық шығармашылығы туралы ақпараттармен танысамыз. Сондай-ақ, журнал сандарында жарияланған отбасылық ғұрыптық фольклор үлгілерінің авторлары жинақталды. Мақалада талданатын ғұрыптық фольклор үлгілері – фольклортану ғылымы саласының дамуына үлес қосатын зерттеулердің бірі.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 3, С. 260-272
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov