ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ МЕМУАРИСТИКА: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Мақалада қазақ мемуаристикасының қалыптасуы, дамуы және жанрлық ерекшелігіне қатысты теориялық мәселелер қарастырылған. Ең алғаш «мемуар» терминінің пайда болуы, терминге сипаттама берген шетелдік және отандық ғалымдардың анықтамалары, ғылыми айналымға алғаш енуі мен мемуар үлгісінде жазылған шығармалар легі сынды мәселелер негізгі зерттеу нысаны ретінде сараланды. Сонымен қатар, қазақ мемуаристикасының қалыптасу кезеңіндегі үлгісі ретінде ағартушы-ғалымдар Ш.Ш. Уәлихановтың күнделіктері мен С. Бабажанов жазбаларының жанрлық ерекшелігі талданды. Ал, мемуар жанрының талабына сай жазылған шығармалар ретінде ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің Алаш кезеңінде жазылған шығармалар, жазбалар сараптамадан өтті. Мемуар ретінде арнайы жазылмаса да, мемуарлық шығармаға қойылатын талаптарға сай келетін шығарма ретінде алаш қайраткерлерінің жазбалары, хаттары, естеліктері мен ой-тұжырымдары, философиялық-танымдық ой-қорытулары, шолулары талданып, әр жазбаның жанрлық, құрылымдық және мазмұндық ерекшелігі айқындалды. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, тарихи-мәдени салғастырмалы анализ, эмпирикалық талдау сынды зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде қазақ әдебиеттану ғылымындағы мемуаристика жанрының генезисі, хронологиясы жүйеленіп, ХХ ғасыр басындағы алаш мұрасы негізінде жанрлық ерекшелігі айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 3, С. 245-259
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov