ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ЖАЛҒАУЛЫҚТАР МЕН ФУНКЦИЯЛЫҚ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Синтаксистік күрделі конструкциялардың грамматикалық компоненттерін байланыстыруда жалғаулық шылаулардың қызметі ерекше, сонымен бір қатарда есімше, көсемше және шартты рай тұлғаларының да аталатыны мәлім. Алайда мұның алғашқысы салалас құрмаластардың, кейінгілері сабақтас құрмаластардың грамматикалық сыңарларын байланыстырады. Бұл – қазіргі грамматиканың мәліметі. Ал тарихи грамматика мәліметі біраз жалғаулықтың етістік категорияларынан қалыптасқанын көрсетеді. Осыдан барып мақалада түрік грамматикасында функциялық етістік ретінде танылып жүрген көсемше тұлғаларының (-а, -са) байланыстырғыштық қызметін қазіргі қазақ және түрік тілдеріндегі жалғаулықтардың грамматикалық функциясымен салыстыру мақсат етіліп, аталған тілдердегі жалғаулықтар мен функциялық етістіктердің ұқсастықтарын анықтау міндеті қойылды. Осы арқылы бүгінгі жалғаулықтардың бірқатары қос тілде де етістік қосымшалары арқылы қалыптасқаны, яғни функциялық етістіктерден орныққаны мәлім болып отыр. Авторлар түркілік тілдерде жалғаулықтардың ертеректе тым аз болғаны, сонымен қоса дені араб, парсы тілдерінен ауысқан кірме тұлғалар арқылы дамығаны жайлы лингвистикалық ұстанымның негізсіз емес екенін зерттеуден алынған осындай нәтиже арқылы бекітуге талпынады. Анығында, функциялық етістіктердің байланыстырғыштық қызметі қазіргі грамматикада да белсенді әрі өзекті. Мақалада бұл тұжырым қазақ және түрік тілдеріндегі қазіргі жалғаулықтарды диахрониялық әрі синхрониялық талдау, контекстуалды талдау және функциялық етістік қызметімен салыстыру әдістері арқылы дәлелденеді. Шағын зерттеуде қозғалған осы жайттар қазіргі түркілік тілдердегі грамматикалық мәселелердің басым бөлігін түркологиялық аспектіде қарау арқылы шешуге болатынын айғақтайды және осы бағыттағы зерттеушілер үшін теориялық құнды мәлімет болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 2, С. 119-131
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov