ҰЛТТЫҚ РУХ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ПОЭЗИЯ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ СИПАТЫ (ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ПОЭЗИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ)
Мақалада поэзиядағы нарративтік идея, поэзия аудармаларының кейбір мәселелері, ұлттық рух концепциясы ұғымдарына сипаттама беріледі. О. Сүлейменовтің «Ұлттық рух» концепциясы бейнеленетін өлеңдерінің түпнұсқасы мен аудармалардағы интеграциялық сәйкестігіне талдау жасалады. Зерттеудің өзектілігі О.Сүлейменов шығармаларында берілген нарративтік идеядағы ұлттық рух концептісінің түпнұсқа мен аударма мәтініндегі ықпалдастық сипатына ғылыми интеграциялық талдау жасаудан көрінеді. Поэзия аудармаларына қойылатын талаптарға берген ғалымдар пікірі ескеріле отырып, оның интеграциялық сипаты поэзияда қалай көрініс тапқанына назар аударылады. Әлемдік әдебиетте кең масштабты орынға ие ақын поэзиясының адамгершілік, адалдық, борыш деп аталатын ұлттық концепцияға негізделген нарративтік идеядан құралатынын дәлелдей көрсетеді. Мақалада Олжас Сүлейменов шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалымдардың зерттеулері назарға алынып, пікірлері мен көзқарастары сараланды. Соның нәтижесінде Олжас Сүлейменовтің поэтикалық мұраларын зерттеуде ғалымдардың назар аударған басым бағыттары – шығармашылық ғұмырбаян және шығармашылық портрет, поэзияның түркітану, әлемтану, мәдениеттану салаларымен трансформациясы, өлеңдердің ішкі және сыртқы формасы, өлеңдердегі образдылық, шетелдік ақын шығармаларымен гормониялық байланысы тәрізді мәселелер екені айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 2, С. 89-100
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov