ЖОЛДАУ МӘТІНДЕРІНДЕГІ «МЕН» ЕСІМДІГІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: (Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаевтың жолдаулары бойынша)
Мақалада саяси лидер тіліндегі «мен» жіктеу есімдігінің прагматикалық күші жайында ғылыми тұжырымдар беріледі. Қазақстан президенттерінің жолдауындағы «мен» есімдігінің коммуникативті мақсатының түрлері сипатталып, қай президенттің қолданысында қандай коммуникативті интенцияның басым екені анықталады. Мақаланың ұсынған гипотезасы – ҚР-ның экс-президенті Н.Назарбаев пен қазіргі президенті Қ.Тоқаев жолдауларындағы «Мен» тұлғалық көрсеткішінің бағалауыштық және прагматикалық аспектілерінде айырмашылық барын, ондай айырмашылық президенттердің жеке тұлғалық дискурсымен байланысты екенін анықтау. Жолдау мәтіндеріндегі «мен» категориясының қолданысын талдау саяси тұлғаның репрезентациялық болмысын сипаттауға мүмкіндік тудырады. Сөйлеуші демонстрациялық «мен» есімдігін қолдану арқылы мінез-құлқынан, психологиялық-ментальды жай-күйінен, прагматикалық интенциясынан хабар береді. Мақаланың мақсаты – осындай жеке дискурс сипатына ие тұлғалық қасиеттердің жолдау мәтіндеріндегі көрінісін анықтау. Зерттеуде ой-тұжырымды бекіту мақсатында қолданылу жиілігін есептеу принципі қолданылып, сандық көрсеткіштерге арқа сүйедік.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 2, С. 76-88
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov