Central AsianResearch Index

ГЕНДЕРЛІК ОППОЗИЦИЯНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕ КОНЦЕПТУАЛДЫ МЕТАФОРАЛАР АРҚЫЛЫ МОДЕЛЬДЕНУІ

Тіл мен қарым-қатынас саласындағы қазіргі заманғы гендерлік зерттеулер жеке ғылыми бағыт ретінде гендерлік лингвистиканы қалыптастырды. Тіл мен гендердің өзара байланысын зерттейтін лингвистикалық зерттеулер мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастар контексіндегі гендерлік категориялардың құрылымдануының тілдік механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Тілде гендердің құрылымдануының негізгі тәсілдерінің бірі – метафоралар. Мақаланың мақсаты – әлемнің тілдік бейнесіндегі тұлғаның метафоралық аталымдары жүйесіндегі гендерлік оппозицияның маркерлену түрін анықтау. Қойылған мақсатты жүзеге асыру барысында метафора мәдениеттің базалық концептілерін қалыптастыру құралы, гендерлік қарама-қарсылықтарды белгілеу тетігі ретінде қарастырылады. Зерттеу Дж. Лакофф және М. Джонсонның концептуалды метафора теориясына және З.И.Резанова мен О.В.Комиссарова ұсынған гендерлік оппозицияны модельдеудегі метафораны анықтау әдісіне сүйене отырып жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде метафоралық модельдер аясында анықталған метафоралық ұқсастыру белгілері жинақталып, қазақ лингвомәдениетіндегі ерлер мен әйелдердің образды сипаттамасына қатысты белгілер жиынтығы анықталады. Осының негізінде әлемнің тілдік бейнесіндегі гендерлік маркерленген және гендерлік маркерленбеген адам образдары модельденіп, бұл образдардың ұқсастығы мен айырмашылығы, сипаты, бағыты анықталады, әлемнің тілдік бейнесінің бейнелі үзігіндегі гендерлік қарама-қарсылықтардың (маскулиндік және фемининдік сипаттамалардың) мазмұндық ерекшелігі сипатталады. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, метафоралар арқылы берілетін гендерлік маңызды белгілерді анықтауға болады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 86-99
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov