«БАБЫРНАМА» ЖАЗБА МҰРАСЫНДАҒЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Түркі тілдеріндегі сөз тіркестерінің түрлері – компоненттер арасындағы қатынастардың ежелгі жазба ескерткіштердегі формада қалған ерекше синтаксистік құрылым. Бұл жұмыс «Бабырнама» жазба мұрасындағы жалпы сөз тіркестерінің құрылымдық типтері мен модельдерін сипаттауды, олардың қалыптасуының жалпы заңдылықтарын анықтауды, «Бабырнама» тілінің ерекше сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымындағы сөз тіркестерінің мағынасын анықтауды міндет етеді. Зерттеу жұмыстың қорытындылары түркология ғылымы мен қазіргі қазақ тілі біліміндегі синтаксис саласының бір бөлігіне өз үлесін қосу үшін нақты фактілі материалдар ұсынады. Орта ғасырдан кейінгі аралықтағы (XV-XVI ғасырлар) уақытты қамтитын бұл тарихи еңбек тіліндегі сөз тіркестерінің құрылымы қазіргі қазақ тілі тіркестері заңдылықтарына сәйкес екені бойынша салыстыру жүргізіледі. Сол салыстыру негізінде Бабыр жазбаларын қазіргі қазақ тіліне аудару арқылы автор сөйлемдеріндегі сөз тіркестерінің құрылымдық және мағыналық ерекшелігі сипатталады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 1, С. 66-76
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov