МОДАЛЬДІЛІК МАРКЕРЛЕРІНІҢ ЭМОЦИЯНЫ ЖЕТКІЗУДЕГІ РӨЛІ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
Мақалада модальділік маркерлердің тілде эмоционалды бояуды берудегі маңыздылығы қарастырылады. Модальділік коммуникацияда түрлі эмоция мен сезімді жеткізу тәсіліне әсер ететін негізгі лингвистикалық санаттардың бірі саналады. Сондықтан зерттеуімізде модаль сөздер мен сөз тіркестерінің, модальділікті білдіретін грамматикалық категориялардың эмоционалды мазмұнды қабылдауға әсері психолингвистикалық талдау әдістері арқылы жүзеге асады. Модаль мәнді құрылымдардың семантикасы мен прагматикасына назар сала отырып, нақты мысалдар негізінде сараланады. Модальділік санатының жалпы тіл біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі зерттелуіне шолу жасау арқылы негізгі ұғымдар мен түсініктерге анықтамалар беріліп, модаль бірліктердің адам эмоциясы мен психологиясын жеткізудегі сипаты ашып көрсетіледі. Мақаламызда модальділіктің тілдегі эмоциялар көрінісін күшейтетін немесе әлсірететін аспектілері де назардан тыс қалмады. Зерттеу нәтижесінде эмоционалды әсерді басқару және әсер етуде модальділік маркерлерін қолдану сипаты анықталады. Модальділіктің психолингвистикалық аспектілері және оның эмоционалды коммуникациямен байланысы туралы түсінік беріледі. Сол себепті зерттеу нәтижесі лингвистер үшін де, психолог мамандар үшін де пайдалы бола алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 1, С. 21-31
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov