Central AsianResearch Index

КӨРКЕМ СӨЗ ӨНЕРІНДЕГІ ЖЕЛІЛІК ӘДЕБИЕТ ҰҒЫМЫ: ТАРИХЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

Мақалада әлеуметтік желіде жарық көріп жатқан көркем шығармалардың ерекшеліктерін анықтап, соның негізінде желілік әдебиет ұғымы мен оның шығу төркіні, қазіргі әдеби үдерістегі жай-күйі, негізгі ерекшеліктері қарастырылады. Желілік әдебиет терминінің қалыптасуы мен дамуының тарихи негізіне қатысты мәселелер ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі әдебиеттің де жаһандық желіде таралуына ықпал ететін факторлар талданады. Желілік әдебиетке қатысты қазақ әдебиеттану ғылымында іргелі зерттеудің зәрулігінен мақаланың өзектілігі туындайды. Қазақ әдебиетінде қазіргі желілік жанрларды зерттеуге арналған мақала саусақпен санарлықтай ғана. Бүгінде желілік әдебиет мәселелеріне қатысты жазылған көлемді ғылыми жұмыстардың тапшылығы сезілуде. Әлеуметтану, әдебиеттану, фольклортану, мәдениеттану сияқты көптеген пәндерде желілік әдебиеттің зерттеу пәніне айналғанына қарамастан, оның ерекшеліктерін ескеретін желілік әдебиетті зерттеудің әмбебап әдістемелік аппараты әлі қалыптасқан жоқ. Мақалада ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде ғаламтор желісінің біздің өмірімізге еркін енуімен байланысты желілік әдебиеттің қалыптасу үдерісінің негізгі кезеңдері анықталады. Сонымен қатар, желілік әдебиет ұғымына қатысты айтылған ғалымдардың көзқарастары негізге алынып, әдеби және теориялық тұрғыдан талдау жасалады. Зерттеуде дәстүрлі әдебиеттің бірегей қасиеттерін меншіктеген, әдебиеттанудағы жаңа құбылыс сипатындағы өзіндік ерекшеліктерге ие желілік әдебиет ауқымды ғылыми зерттеудің нысанына айналуы тиіс деген пайымдау жасалады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 188-200
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov