Central AsianResearch Index

С. МҰҚАНОВ ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ ЖАЙЛЫ

Академик-жазушы Сәбит Мұқанов Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев туралы ірі-ірі монографиялық еңбектер жазды. Ал, Ыбырай Алтынсарин туралы арнайы еңбек жазбаса да, ұлы ағартушы шығармашылығы, қазақ мәдениеті тарихындағы орны туралы «Жарқын жұлдыздар» (1964) атты еңбегінде өз пайымдауларын жеткілікті білдірді деп санаймыз. Автор Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуі – тұтасқанда қазақтың XIX ғасырдағы озық идеялы ой-пікірін тұтас жүйе ретінде қарастырады. Мұндай соны көзқарас оның әйгілі «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар, шешендер!» атты мақаласында алғаш қылаң берді. Автор Ыбырай мен Абайдың шығармашылығынан үндестік байқаған тұңғыш зерттеуші ретінде көрінді. Мақалада Сәбит Мұқановтың мемориалдық музей-үйінің қорында жазушының Қ.Т. Жұмағұловтың «Ыбырай Алтынсарин шығармалары» атты кандидаттық диссертациясына араб харпімен жазылған оппонеттік пікірі талданды. Сәбит Мұқанов Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына берген бағасы зерделенді. Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин туралы айтқан ғалымдардың сүбелі ой-пікірлері топтастырылды. Мақаланы жазу барысында дәстүрлі ғылыми талдау мен жинақтау, хронологиялық, кешенді, жеке талдау әдістері негізге алынды. Мақаланы жоғары оқу орындарында «XIX ғасыр қазақ әдебиеті», «Ыбырайтану», «Абайтану», «Әдебиет сыны» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 157-166
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov