Central AsianResearch Index

АБАЙДЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИ ЛЕКСИКА СИПАТЫ

Мақалада Абайдың тілдік тұлғасы негізінде этномәдени лексиканың (киім атауларының) лингвокогнитивтік деңгейі ұлттық таным мен ұлт мәдениеті дерегі ретінде қарастырылады. Абайдың тілдік әлемін бүгінгі лингвистикадағы білім парадигмасының соны бағыттағы ұстанымдарына сәйкес ұлт – тіл – мәдениет бірлігінде саралау зерттеудің теориялық құндылығы болып табылады. Зерттеу нәтижесінде, тілдік тұлғаның поэтикалық жүйесіндегі этномәдени бірліктер талданады. Олар рухани әлеуметтік маңыз иеленген код дәрежесінде берілген. Зерттеу мақаласының әдіснамалық негіздері лингвомәдениеттану, этнолингвистика және көркем мәтін герменевтикасы бағытында қарастырылады. Қазақ ұлттық киім атауларының аударма процесіндегі қиындықтары мен ерекшеліктерін анықтау алдағы зерттеулердің үлесінде.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 135-145
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov