Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ДІНИ ДАСТАНДАРЫНДАҒЫ ДАҚ СӨЗДЕР

Мақала қазақ діни дастандарының сөздік құрамын талдауға арналған. Мақсат – діни дастандардағы жаттілдік сөзқолданыстарының айғақтары мен дәлелдерін анықтау. Кірме сөздер, әдетте, қабылдаушы тілдің сөздік құрамынан орын алады. Алайда діни дастандарда «уақытша», «қонақ» сөздер бары байқалды. Мұны орыс тіл білімінде «вкрапление» деп атайды. Қазақ тіл білімінде мұндай сөздер арнайы зерттеу нысанына ілікпегендіктен термині де қалыптасқан жоқ. Біз мұндай «кірмелерді» дақ сөздер деп атадық. Дақ сөздер (вкрапление) дегеніміз – жаттілдік сөздер, яғни басқа тілден енген, енгізілген тілге бөтен сөздер. Мәтінде кездесетін дақ сөздерден оның «бөтен сөз» екені толық көрінеді және көбінесе экспрессивтілік реңде келеді. Діни дастандарда мұндай сөздер өте көп кездеседі және олар араб, парсы тілдерінен алынған. Осындай жаттілдік сөздерді сипатына қарай зат және құбылыс атаулары, қимыл-әрекетті білдіретін сөздер және сындық сипатта қолданылған сөздер деп бөліп, олардың лексикалық мағынасы ашылды. Сонымен қатар дақ сөздердің экзотикалық мәнде қолданылған мысалдарын да атап өттік.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 1, С. 100-109
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov