Central AsianResearch Index

М.Х.ДУЛАТИДЫҢ «ТАРИХИ-РАШИДИ» ЕҢБЕГІ - ӘДЕБИ-КӨРКЕМ ШЫҒАРМА

Мақалада орта ғасыр ғұламасы, қазақ халқының тұңғыш тарихшысы, қаламгер, ақын, қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-Рашиди» еңбегінде көтерілетін әдебиет мәселесі сөз болады. Ел өміріндегі басты тарихи оқиғаларды, мемлекет тағдырын, сол оқиғалардың бел ортасында болған тарихи тұлғалардың өмірі мен тағдырын эпикалық тыныспен суреттеу арқылы автор «Тарихи-Рашиди» шығармасын ХV-ХVI ғасырлардағы қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін көрсететін өте бағалы әрі таптырмас дереккөз ретінде танытады. Мақалада М.Х.Дулатидың туындысы дидактикалық, философиялық-психологиялық тұрғыдан талданып, еңбектің тарихи-танымдық әдеби шығарма екені дәлелденеді. Жазушының мемлекет басқару ісіне қатысты ойлары Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанымен сабақтастырыла, салыстырыла талданады.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 4, С. 70-80
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov