«БАБЫРНАМАДА» ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ БЕРІЛУІ
Туыстық атаулар лексикада маңызды орын алады. Бұл байлық түркі тілдерінде көрініс тапқан түркі мәдениетінен сыр шертеді. Туыстық атауларды ғылымның әртүрлі салалары, әсіресе тіл білімі, фольклористика және әлеуметтану зерттейді. Бұл мақалада шағатай әдебиетінің жарқын туындысы, Әмір Темірдің ұрпағы Захириддин Мұхаммед Бабырдың естелік кітабы – «Бабырнамдағы» туыстық атаулар қазіргі қазақ тілімен салыстырыла зерттеледі. Аталған еңбекті таңдау себебіміз – З.М. Бабыр аталған еңбекте туыстық атауларды көп қолданады. Мәселен, «Бабырнамада» өзінің және басқа да тарихи тұлғалардың шығу тегін көрсетіп отырады, ал туыстық атауларды қолданбай бұны жасау мүмкін емес. Зерттеу барысында сипаттамалық және лексикографиялық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесінде 52 туыстық атау анықталды. Қазақ тілінде жиі қолданылатын ана, ата, ұл, аға, іні т.б. туыстық атаулардың шығу тегі қарастырылды. «Бабырнама» мен қазіргі қазақ тілінде сақталған терминдердің басым бөлігі түркілік шығу текке ие екені белгілі болды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4, С. 60-69
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov