Central AsianResearch Index

СЫР ӨҢІРІНДЕГІ АНТРОПОТОПОНИМДЕРДІҢ КОГНИТИВТІК ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

Белгілі бір этностың танымында қалыптасқан ғалам үлгілері барлық жалқы есімдердің ономастикалық кеңістігін құрайды. Жалқы есімдердің қалыптасуына тілден бөлек толып жатқан факторлардың әсер ететіні белгілі. Олардың қатарына географиялық, әлеуметтік, тарихи, мәдени факторларды жатқызамыз. Кейбір халықтарда гидроним, ороним, ойконим, этноним саласындағы атау қою тәжірибесінде жеке кісі атын беру жағы басым болатын ерекшеліктер аңғарылады. Тіпті, белгілі бір мекеннің қай халық, қай ұлыс, қай тайпаға тән екендігінің айғақты дәлелі көбінесе сол жердің топонимикалық атауынан байқалатыны рас. Олай болса, Сыр өңірі антропотопонимдерін саралап зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді. Осы орайда топонимиканы когнитивтік аспектіде қарастыру нәтижесінде жаңа деректерге қол жеткізетінімізді ескеріп, өзіміз өмір сүріп отырған мекеніміздің жер-су атауларын танымдық тұрғыда қарастыру, ғылыми-теориялық мәліметтерді саралап, түрлерін анықтау мақсат етіледі. Сыр өңіріндегі антропотопонимдердің (кісі есімдеріне қатысты жер-су атаулары) когнитивтік сипатын анықтау барысында сол өңірді мекендеген халықтың басынан өткерген түрлі әлеуметтік, саяси, тарихи оқиғалардың себептерін анықтауға септігін тигізетін мәліметтер тұжырымдалады. Қызылорда облысының топонимикалық материалы негізінде антропотопонимдердің патронимдік және мемориалды категорияларының ерекшеліктерін нақтылау міндеттеліп, мысалдармен дәлелденеді, ішінара құрылымдық жағынан талдау жасалады.

Сведения

Опубликовано
2023 · № 4, С. 49-60
Язык
Казахский
ISSN
2707-9910 · 2788-7979
Издатель
Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov