ШЕТ ТІЛІН ОНЛАЙН ПЛАТФОРМАЛАР АРҚЫЛЫ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӘЛЕМ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазіргі цифрлы технологияның дамыған заманында өзіне қажет тілді үйренем деген адам оны интернет арқылы да үйрене алады. Адамдар компьютер, смартфон, планшет және телефонды бір-бірімен қарым-қатынас құралы ретінде қолданатын, ал қазіргі уақытта сол ақпарат құралдарын пайдалану арқылы өзге тілді де меңгере алу мүмкіндігі туды. Қазір бұлар тек байланыс құралы ғана емес жаңа білім, жаңа дағдыны алуға да қажетті бірден бір құрал болды. Олардың артықщылығы кез келген жерде және кез келген уақытта оқимын, үйренемін деген дүниеңізге оңай қол жеткізе аласыз. Әлемдік тіл үйрету әдістемесін қарастыратын болсақ қазіргі уақытта мобильді технологиялардың қолжетімділігінің дамуына байланысты тіл үйренушілерге қалаған тілді кез келген жерде, кез келген уақытта өздігінен үйренуге арналған ашық білім беру платформалары көптеп жасалып, сол платформалар жан-жақты зерттелуде. Мақалада ашық білім беру платформасы арқылы шет тілін үйрету әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау үшін әлемдік зерттеу еңбектеріне шолу жасалды және әлем тілдерін ашық білім беру платформасы арқылы үйрету әдістемесіндегі ғылыми тұжырымдар мен практикалық бағыттарды қорыта отырып қазақ тілін шет тілі ретінде ашық білім беру платформасы арқылы оқытуды дамыту қажеттілігі айтылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4, С. 210-220
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov