ТРАНСЛИНГВИЗМ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Берілген мақалада транслингвизм мәселелеріне байланысты ғылыми жұмыстарға және олардың теориялық методологиялық негіздеріне аналитикалық шолу жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдардың тіл саясаты, отбасылық тіл саясаты транслингвизм, код ауыстыру, транслингвизмдік кеңістік ұғымдары төңірегіндегі ғылыми зерттеулер талданып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары, ерекшеліктері аталды. «Транслингвизм» мен «код ауыстыру» ұғымдары және олардың лингвистикадағы рөлі мен атқаратын қызметі сипатталды. Тіл саясаты мемлекеттік деңгейдегі тіл мәселелерін, заң тұрғысынан қабылданған бағдарламалар мен үндеулер және практикалық шаралар негізінде қарастырылды. Тіл саясатын зерттеудің маңыздылығын ескере отырып, қоғамды құраушы негізгі тап – отбасындағы тілдік саясат және оның әсер ететін факторлары, отбасындағы тілдік саясатта қолданысқа ие негізгі стратегиялар талданды. Сондай-ақ, транслингвизмнің жастар дискурсында, транслингвизмдік кеңістікте алатын орны мен рөлі, себептері айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · № 4, С. 200-210
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2707-9910 · 2788-7979
- Издатель
- Non-profit Limited Company "Kokshetau University named after Sh. Ualikhanov